Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін, Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген.
1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағымды Кенен атамды» әндерінің авторы.
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
kz about 1 year ago
Assalamu aleikum. http://www.qamal.kz